«Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығы (күші жойылды)

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.