«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 370 қаулысымен бекітілген

 

 

«Дәрiгердi үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысымен бекітілген «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - қызметті беруші), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).

 

 

2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қызметті берушінің алуы болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.