Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 370 қаулысымен бекітілген
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - қызметті беруші), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде -қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде - стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған дәрігердің қабылдауына жазылу туралы анықтама беру.
2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік
қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қызметті берушінің алуы болып табылады.