«2015 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1/23 Қаулысы

2015 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1/23 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға уәкілеттік берілсін.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4. Басқарма:

1) 2015 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізсін.

5. Басқарма осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.