«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығы (күші жойылды)

Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 15 қазандағы № 117 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығымен күші жойылды

 

Сот статистикасын жетілдіру және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1, 2, 3, және 4-қосымшаларына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 2, «Апелляциялық сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 7, «Кассациялық сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» № 7К, «Соттардың азаматтық істерді қадағалау тәртібінде қарауы бойынша жұмысы туралы» № 9 есеп нысандары;

2) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы Нұсқаулық.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

3) сот органдарына - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.