Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығы
(2025.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2015.03.12. № 681 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.26.08. № 328-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Энергетика министрінің 2024.28.11. № 426 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2015.03.12. № 681 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2025.26.08. № 328-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.