«Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығы (2025.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығы

(2025.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2015.03.12. № 681 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.26.08. № 328-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Энергетика министрінің 2024.28.11. № 426 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2015.03.12. № 681 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2025.26.08. № 328-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидалары бекітілсін.

2. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.