Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығы
(2022.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион
нысанындағы сауда-саттықта өткізу
қағидалары
ҚР Әділет министрінің 2018.21.09. № 1429 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер