«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республиксы Бас Прокурорының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республиксы Бас Прокурорының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9614 санымен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 6 тамыз 2014 жылы № 151(28357) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің ережелерінде:

аталған Ережелерге қоса берілген 2-қосымша осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге шаралар қабылдасын.

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.