«Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 13 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 3-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7340 тіркелген, 2012 жылғы 22 ақпандағы № 66 (27138) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сот орындаушысының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
Мемлекеттік сот орындаушысының (ерлер) қысқы нысанды киімі 2-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:
2-сурет
Мемлекеттік сот орындаушысының (әйелдер) қысқы нысанды киімі 4-сурет мынадай суретпен ауыстырылсын:
4-сурет
Ерлер нысанды киім үлгілерінің сипаттамасына 6-тармақ мына редакцияда баяндалсын: