«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 361 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 7-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы халқының нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі мен кезеңділігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 3 жинағында жарияланған, 2010 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесіндегі:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ересек халықты скринингтік тексеріп-қараулар:
1) қанайналым жүйесінің негізгі ауруларын-артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын;
2) ерлер мен әйелдердің арасындағы қант диабетін;
3) әйелдердің арасында жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктерін;
4) әйелдердің арасында сүт бездерінің ісікалды, қатерлі ісіктерін;
5) ерлер мен әйелдердің арасында глаукоманы;
6) ерлер мен әйелдердің арасында жуан және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктерін;