«Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 Қаулысы (күші жойылды)

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 Қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 173 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. А. Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Н. Ноғаев

 

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы

№ 6 қаулысымен

бекітілген

 

 

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің

 үлгілік қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.