Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығы
(2026.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.02.06. № 256 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.23.12. № 1221 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.27.04. № 234 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.24.05. № 170 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.14.07. № 382 бұйрығымен (2023 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.13.04. № 157 бұйрығымен (2026 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021.02.06. № 256 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;