«Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 76 бұйрығы (күші жойылды)

«Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 76 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоса беріліп отырған Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы»;

«Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«

Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.