«Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 466 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б.Сұлтанов

2015 жылғы 9 ақпан

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 5 ақпандағы

№ 69 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің

заттай нормалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.