«Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығы (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығы

(2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.12. № 706 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.17.11. № 663 бұйрығымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.16.06. № 171 бұйрығымен (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.31.03. № 54 бұйрығымен (2025 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 117-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.24.12. № 706 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.17.11. № 663 бұйрығымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.

 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (3. Оразалиева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.