«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/2 Қаулысы (күші жойылды)

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/2 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті:

келесі мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

«17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;

осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.