«Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығы
1. «Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
такырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленген жоспарланған кезеңге арналған сұйытылған мұнай газының шекті бағасының денгейі жөніндегі ұсыныстары 2015 жылғы 1 қаңтарға бекітілген тауарлық газдың шекті көтерме бағысының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмауы және 2014 жылғы бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең максималды мәнінен артық болмауы қажет.