Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы
(2026.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 209 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.08.12. № 374 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 192 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.29.05. № 209 бұйрығымен (2026 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-13) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.29.05. № 209 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице - министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
10 ақпан 2015 жылы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
27 қаңтар 2015 жылы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.08.12. № 374 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 7-1/19 бұйрығымен
бекітілген