«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы (2026.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы

(2026.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 209 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.19.04. № 130 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2026.29.05. № 209 бұйрығымен (2026 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 30) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

« » ________2014 жыл

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

14 қаңтар 2015 жыл

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.25.11. № 405 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.19.04. № 130 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.