Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығы
(2019.07.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен 2019 ж. 1 сәуірден бастап күші жойылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.