Аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығы
(2021.14.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.14.06. № 568 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.14.06. № 60 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Қаржы министрінің 2021.14.06. № 568 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.14.06. № 60 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті заңанамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;