«Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 28 қазандағы № 150 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 28 қазандағы № 150 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22143 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу және «Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 244-бабының 6-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 83 шешіміне (бұдан әрі - № 83 шешім) сәйкес әзірленді және тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу тәртібін және «Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімі - Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторлары туралы мәліметтер қамтылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның цифрлық ресурсы;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.