«Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 766 бұйрығы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6967 болып тіркелген; 2011 жылғы 30 маусымда «Юридическая газета» газетінде № 92 (2082) болып жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы осы қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 49) тармақшасына және 1988 жылғы хаттамамен өзгерістер енгізіліп, толықтырылған, 2003 жылы қайта қаралған, 1966 жылғы Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі - Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция) сәйкес әзірленді және Кеме қатынасының тіркелімімен техникалық бақылауға жататын кемелердің су үсті бортының мақсатын, куәландыру және бортқа жүк маркаларын салу тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Қағиданың талаптары Жүк маркасы туралы халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерге қатысты қолданылады»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: