«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 369 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № 369 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларында:

4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

19 және 20-қосымшаларға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

23-қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2. «Есепке алу саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есепке алу саясында:

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Ғимараттардың баланстық құны нөлге тең болған кезде тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құнын өзгертуге, бірақ объект экономикалық пайда немесе қызмет көрсету әлеуетін жалғастыра берсе, келесі жолдармен рұқсат етіледі:

1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген әдістер мен есептерге сәйкес; не

2) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушыны тарта отырып бағалау жолымен жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.