«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы (2026.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы

(2026.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.08.02. № 146 бұйрығымен (2023 ж. 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.06. № 460 бұйрығымен (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2026.30.06. № 460 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 966 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18157 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18345 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда «Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде электронды түрде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.