«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 144 бұйрығы

«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 144 бұйрығы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпандағы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу», «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.»;

4-1 және 5-1-тармақтар алынып тасталсын;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.