Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды және Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 Қаулысы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 101 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 101 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 101 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулаға 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;