«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 4 тамыздағы № 126 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) - ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енетін цифрлық жүйе, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді жүзеге асырады;»;
19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;
22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: