Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 434 қаулысымен
бекітілген
2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі
арасындағы дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(Астана қ. 2017 жылғы 23 мамырда)
2018 жылғы 10 наурызда күшіне енеді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі,
Тараптар арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттене отырып,
Екі мемлекеттің жалпыазаматтық паспорттарын иеленушілерді екі ел аумақтарына кіруі үшін виза алу талабынан босатуға әзірлігін білдіре отырып,
1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,
2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің 7-бабын, және 2017 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметінің арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы (бұдан әрі - Келісім) басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік және азаматтық паспорттарын иеленушілерді және Біріккен Араб Әмірліктерінің дипломатиялық, арнайы және жалпыазаматтық паспорттарын иеленушілерді өзара визалық талаптардан босату туралы келісім».
2. Тараптар Келісімді жүзеге асыру мақсатында 1-баптағы бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі бойынша жарамды жол жүру құжаттарының тізіміне келесі құжаттарды енгізуге келісті:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: