Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға паспорт беруді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 10 шілдедегі № 170-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабының 1-тармағының 30) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайларды паспорттауды жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес паспорт нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.