Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы № 33-180 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларын бекіту туралы» № 45-261 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелген);
2) Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы «Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларын бекіту туралы» № 45-261 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 29-155 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| К. Байгоджаев |
2025 жылғы 25 ақпандағы
№ 33-180 шешіміне қосымша
«Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы» атағын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер