«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 186 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 186 бұйрығы

 

БҰЙРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларында:

53-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Дәрістерді оқу, дипломдық жұмыстарға (жобаларға) ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау үшін білім алушыларға кафедра бастықтары, кафедра бастығының орынбасарлары, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, (сондай-ақ практикалық жұмыс тәжірибесі және бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық өтілі бар) оқытушылар тартылады.

Оқытушыларды дәріс оқуға жіберу тәртібін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі белгілейді.

Дәрістер оқуға және оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар, оның ішінде бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар Орталық аппарат мен аумақтық бөліністерінің ІІО қызметкерлері тартылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.