Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 1077 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 370 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16682 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 430-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 430-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Кодекске сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: