Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 Қаулысы
Осы редакция 2019 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 866 қаулысымен
бекітілген
Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекарасын қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар) тарту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) регламенттелетін жедел іздестіру қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.