«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 839 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 839 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:

2-тармақтың 80) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«80) рульдеу жолы - құрлықтағы әуеайлақтағы әуе кемелерінің бұрылуы үшін орнатылған және әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған белгілі бір жол, оның ішінде:

әуе кемесінің тұрақтағы рульдеу жолағы - рульдеу жолы ретінде белгіленген және тек әуе кемелерінің тұрақ орындарына жақындауды қамтамасыз етуге арналған перрон бөлігі;

перрондық рульдеу жолы. Перронда орналасқан және перрон арқылы рульдеу маршрутын қамтамасыз етуге арналған рульдеу жолдары жүйесінің бір бөлігі;

жылдамдықты рульдеу жолы - ұшу-қону жолағымен сүйір бұрыш арқылы жалғанған және қонған ұшаққа басқа шықпа рульдеу жолдарында қол жеткізілетін жылдамдықтарға қарағанда жоғарырақ жылдамдықпен ұшу-қону жолағынан шығып кетуге және соның арқасында ұшу-қону жолағында болу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік беретін рульдеу жолы;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.