Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығы
(2026.02.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.18.12. № 166 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.18.12. № 166 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 126-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.18.12. № 166 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8956 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 3 шілдеде № 129 (27750) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 369 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10245 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.