Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 213 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.