(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ЖАЛПЫМ...

2025-2027 жылдарға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 209 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 14-тармағы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2025-2027 жылдарға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі бекітілсін.

2. «2025 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 138 бұйрығы алынып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.