«Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 444 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 444 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 26-бабының 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтердің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.