«Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 158-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы

 

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 260 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулер ратификациялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті

 

                Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 17 қаңтар

                 № 158-VIII