«Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 322 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 322 бұйрығына қосымша