«Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 426 бұйрығы

 «Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 426 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында:

2-тармақта:

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) жүрдек жолаушылар пойызы - сағатына 141 киллометрден 200 километрге дейiнгi қозғалыс жылдамдығымен жүретiн жолаушылар пойызы;»;

50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«50) Тежеу жолы - тежеу жүйесін басқаруға арналған аспаптар мен құрылғыларға, оның ішінде шұғыл тежеу кранының (тоқтату кранының) іске қосылуына әсер еткен сәттен бастап толық тоқтағанға дейін пойызбен өтетін жол;»;

58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«58) Шұғыл тежеу - максималды тежегіш күшін қолдану арқылы пойызды дереу тоқтатуды қажет ететін жағдайларда қолданылатын тежеу;»;

мынадай мазмұндағы 60, 61, 62 және 63) тармақшалармен толықтырылсын:

«60) тұрақ тежегіші - теміржол жылжымалы құрамының бірлігінде орналасқан және оны тұрақта өздігінен кетуден ұстап тұруға, сондай-ақ мәжбүрлеп авариялық тоқтатуға арналған қолмен немесе автоматты жетегі бар құрылғы;

61) «Talgo» вагондары - «Patentes Talgo S. L.» компаниясының технологиясы бойынша салынған жолаушылар вагондары;

62) жылжымалы блок-учаске - аралықтағы келесі пойыздар арасындағы қашықтықты өлшеу үшін қолданылатын радиобұғаттау кезіндегі станция аралық аралықтың бөлігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.