«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 108 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10368 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ҚӘТ үлгілерін (бұйымдарды, кешендерді) әзірлеу (жаңғырту) кезіндегі іс-шаралардың жүйелілігі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ҚӘТ-ны әзірлеуге (жаңғыртуға) қажеттілікті және оларға тактикалық-техникалық талаптарды айқындау;
2) ҚӘТ-ның жаңа үлгісін (бұйымды, кешенді) әзірлеу немесе қолда барын жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына (бұдан әрі - ҒЗЖ) және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі - ТКЖ) тактикалық-техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТТ) қалыптастыру;
3) ТТТ-ны ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қарау;