(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРМАН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖҮРГІЗУ НҰСҚАУЛЫҒЫН БЕКІТУ ТУРА...

Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Н. Нысанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 9 қарашадағы

№ 17-02/566 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Орман орналастыруды жүргізу

нұсқаулығы

 


1 Бөлім. Далалық жұмыстар


1. Жалпы қағидалар


Параграф 1. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері

 

1. Осы Орналастыруды жүргізу нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидасына (бұдан әрі - Ереже) және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағы (18-11) тармақшасына бұдан әрі - Орман кодексі) сәйкес әзірленді.

2. Орман орналастырудың мақсаты орман қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, орман шаруашылығында бірегей ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жүйесін жасау болып табылады.

3. Орман орналастырудың негізгі міндеттері:

1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәліметтер алу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.