«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 Қаулысы

 «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 911 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

6-тармақтың екінші бөлігінің 4-1) тармақшасы алып тасталсын;

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 67) және 68) тармақшалармен толықтырылсын:

«67) күзет бекеті - объектіні немесе оның бөлігін күзетуді қамтамасыз ететін полиция жасақшасы;

68) бақылау мұнарасы - күзетілетін объектінің/аумақтың периметрін бақылауға және дабыл сигналдарын беруге арналған құрылыс.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық қайта жабдықталатын жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерге қолданылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қол сұғуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібі мен тәсілдерін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.