(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОПЕРАТОРДЫ, ОНЫ...

Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шілдедегі № 136 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) болып;

2) ұлттық оператордың функциялары:

денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларын құруға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған қызметті жүзеге асыру;

денсаулық сақтау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету мақсаттары үшін инвестициялар мен қарыз алуды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;

денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және қызмет көрсету жобалары, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;

денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;

жобаланатын және салынатын денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлау және әкімшілендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.