«Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 189 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 66-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: