Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 қарашадағы
№ 994 қаулысымен
бекітілген
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
| Р/с № | ЭҚЖЖ | Қызмет түрлері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 01620 | Мал шаруашылығына тән қызмет |
| 2. | 32200 | Музыкалық аспаптар өндірісі |
| 3. | 43310 | Сылақ жұмыстары |
| 4. | 43320 | Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары |
| 5. | 43330 | Еден жабыны және қабырғаларды қаптау |
| 6. | 43340 | Сырлау және шыны салу жұмыстары |
| 7. | 47992 | Желілі маркетинг арқылы бөлшек сауда |
| 8. | 49320 | Такси қызметі |
| 9. | 53200 | Өзге де пошталық және курьерлік қызметі * |
| 10. | 56210 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу |
| 11. | 68201 | Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
| 12. | 74200 | Фотосурет саласындағы қызмет |
| 13. | 74300 | Ауызша және жазбаша аударма қызметі |
| 14. | 75000 | Ветеринариялық қызмет |