«Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 680 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Астана - Көкшетау - Володаровка.»;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Қызылорда - Жезқазған - Астана.».
мынадай мазмұндағы 51-тармақпен толықтырылсын:
«51. Шымкент - Түркістан.»;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: